28.03.2024, 16:45
Оқылды: 67

Ана мен бала қауышты

Жымпитыдағы су тасқынынан зардап шеккендер уақытша Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп пен А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасына эвакуацияланды. 

су сырым 2024

Бірқатар тұрғын мен штабты «Жібек жолы» автокешені өзіне орналастырып жатыр.

Өзен арнасынан тасыған уақытта судың арғы бетіндегі Д. Күсепқалиев көшесіне де жайылған еді. Бәрінің тез болғаны соншалық, бергі беттегі жас ана жанұясына, омыраудағы баласына жете алмай бейнет кешті. Жаяу көпірді мұз соғып, асау толқын ақ көбіктеніп жатыр.

Сәбиіне асыққан анаға төтеншеліктер жәрдем берді.

Облыс пен аудан мамандары оны арғы бетке моторлы қайықпен жеткізді.

Нәресте мен анасы қауышты. Қайық тағы бір отағасын жанұясымен табыстырды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале