1.04.2024, 16:30
Оқылды: 68

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды

Аптаның алғашқы күні Тасқала ауданы Достық ауылдық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы арқылы жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында тұрғындарды оқыту басталды.

IMG_2845

Оның ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез қатысты. Алдымен сөз алған Люция Әсетқызы оқуға қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.

IMG_2841

– Бүгінгі семинарға қатысып отырғандарыңызға қуаныштымын. Оқуға қатысушылардан сұрайтыным, осындай мүмкіндік барда пайдалы ақпаратты алып қалыңыздар. Алған ақпаратыңыздың алдағы уақытта көп көмегі тиетініне сенеміз. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді.

Одан әрі сөз алған жоба менторы Алмагүл Исмагулова қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақытта несие қарызын азайтудың қандай жолдары бар екенін түсіндірді.

– «Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр БҚО-да пилоттық режимде өткізілді. Өткен жылы 9 405 адам оқу оқыды. Соның ішінде Тасқала ауданында 450-ге жуық адам қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша оқып шықты. «Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауатын арттыру. Айта кету керек, кімде несие бар, отбасы бюджетін қалай дұрыс жүргізу керек, тағы да басқа бағыттарда жұмыстанамыз. Тек оқыту емес, сондай-ақ бізбен бірге бір топ заңгер жұмыс істеп жатыр. Олар екінші деңгейлі банктермен және қаржы ұйымдарымен тікелей жұмыстанады. Егер түске дейін оқу болса, түстен кейін жеке кеңес беріледі. Онда тұрғындар өздеріне қажет кеңес алады, - деді Алмагүл Ижанқызы

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале