7.04.2024, 12:19
Оқылды: 39

Қауіп сейілген жоқ, жағдай бақылауда

«Орал, Шаған және Деркул өзендері деңгейінің көтерілуіне байланысты ойпатты учаскелерде орналасқан саяжайлар мен тұрғын үйлерді су басу қаупі сақталуда. Жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасын тарта отырып, 5 учаскеде қаптарды төсеу, сондай - ақ жағалауды нығайту жұмысы мен және халықты ықтимал эвакуациялау туралы хабарландыру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев.

су дрон самал (11)

БҚО ТЖД деректері бойынша қауіп сақталуда. Осы жылдың 28 наурызында Бөрлі ауданының Ақсу, Кеңтүбек, Аралтал, Пугачево елді мекендерінде 84 тұрғын үй су астында қалды.

Елек және Орал өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бөрлі ауданының Успеновка, Қарашығанақ, Димитрово, Жаңаталап елді мекендерін су басу қаупі сақталып тұр. Димитрово және Қарашығанақ кенттерінен 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала.

Бүгінгі таңда Департамент пен Ресей Федерациясының 5 шекаралас аймағының ТЖМ-нің арасындағы өзара іс-қимыл аясында трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша жедел ақпарат алмасу жолғолғак қойылған.

Ресей тарапының ақпараты бойынша 2024 жылдың 6 сәуірінде Ирикла су қоймасына су ағыны азайып 2 020 м3/сек, тастау - 2 170 м3/сек, толтыру – 92% құраған.

2024 жылғы 7 сәуірдегі ауа райы болжамына сәйкес, облыс бойынша: түнде солтүстікте, шығыста, облыстың орталығында, күндіз солтүстікте, облыстың орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік - батыстан шығысқа ауысатын жел 9-14, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 10-15 жылу.

Орал қаласында: бұлтты, жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік - батыстан шығысқа ауысатын жел 9-14 м / с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 жылы. 2024 жылғы 08-09 сәуірге арналған ауа райы болжамы.

08 сәуірге қараған түні облыстың шығысында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 13-18, 09 сәуірде түнде 5-10, күндіз 17-22 жылы.

2024 жылғы 10 сәуірдегі ауа райы болжамы. Жауын-шашынсыз. Оңтүстік - шығыс жел 9-14 м / с. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 17-22 жылы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале