10.04.2024, 11:30
Оқылды: 49

«ЭШФ» ақпараттық жүйесінде қол қоюдың жаңа әдісі енгізгілді

Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасында авторизациялау мен қол қоюдың жаңа әдісін енгізгені туралы хабарлайды.

телефон

Авторизациялау мен қол қою үшін QR пайдалану жөніндегі функциялар портал үшін де (2023 жылғы қыркүйектен бастап), мобильді қосымшада да  қолжетімді. Мобильді қосымшаны «Play Market» және «App Store» дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

      QR пайдалануға 3 қадам:

1) «QR арқылы кіру» авторизация түрін тандаңыз;

2) Мобильді құрылғының көмегімен  eGov mobile қосымшасын ашып, «eGov QR» батырмасын басыңыз;

3) QR-кодын сканерлеп, қол қойыңыз.

         Толық бейненұсқаулық осында:

https://youtu.be/X3tgMM3mvxM?si=joGB9dvjomTaV4i9

QR кодын электронды құжаттарға қол қою үшін де пайдалануға болады.

ЭШФ АЖ жұмысы бойынша техникалық сұрақтар туындаған жағдайда  [email protected] электрондық поштасына және +7(7172)72-51-61 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале