Аудан прокуроры Алмас Меңлібаев жасақталған эвопункттерді, ауылдағы ахуалды, зардап шеккен тұрғын үйлерді бақылау мақсатында ауылдық округтерді аралап жүр.
- Қазіргі таңда аудан көлемінде су кірген үйлердің шеккен шығынын, келген залалды тексеру мақсатында төтенше жағдайға байланысты комиссия құрылған. Құқық қорғау құрылымдарына қазіргі таңда бұл мәселеге байланысты келіп түскен арыз-шағым жоқ. Ал зардап шеккен тұрғындарға залалдың көлеміне байланысты жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары, бір жолғы төлемақы, су басқан нысан мүлдем жөндеуге келмеген жағдайда жаңа баспанамен қамтамасыз ету сынды көмек беріледі, - деді ол.
Прокурордың айтуынша, бүгінде кешегі су тасқыны кезінде аудан бойынша 43 үйге су кірген. Соның 27-сінің салдары басым, ал қалғаны көп зардап шекпеген. Соған сай көшіру жұмыстары жүргізілді. Ал, қалғандарына дер кезінде іс-шаралар алынып, тұрғындар өз баспанасында тұрып жатыр.
Гүлжаз Баделова,
Бәйтерек ауданы,
zhaikpress.kz