"Джиро д'Абруццо" көп күндік веложарысының үшінші кезеңінде Astana Qazaqstan Team мүшесі Алексей Луценко топ жарды", - деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Аталған таулы кезең жарыстағы беделді кезең саналады.
Жарысқа қатысушылар 163 шақырымды артта қалдырып, қазақстандық Луценко көш басында келді. Екінші орынды Uae Team Emirates мүшесі Адам Йетес, үшінші орынды оның командаласы Диего Улисси иеленген.
Осы жеңістен соң Алексей Луценко жалпы есепте бірінші орында келеді.