"Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті басшылығы Студенттер үйінен зардап шегушілер мен өзге өңірлерден көмекке келгендерге орындар беріп жатыр", - деп хабарлайды БҚАТУ медиа орталығы.
Университет ұжымы облысымызда орын алған төтенше жағдайға байланысты тасқын суға тосқауыл қою жұмыстарына өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, университеттің 500 студенті күнделікті қапшықтарға құм толтыру және қалаға келген гуманитарлық көмектерді тиеп-түсірісу жұмыстарына жұмылдырылды.
Ал Студенттер үйінен дайындалған эвакуациялық орынға бүгінгі таңда 500 адам орналастырылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысынан келген 35 құтқарушыға орын берілді. Тағы 123 орын өзге өңірлерден көмекке келген құтқарушылар мен техника жүргізушілеріне берілді. Тағы да қосымша эвакуациялық орындар дайын тұр.
18 ерікті жас Студенттер үйіндегі эвакуациялық орындарға орналасқан адамдарға қызмет көрсетуде.