Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Аудан көлемінде бүгіннен тазалық акциясы бастау алды. Акция аясында аудан тұрғындары ауларын, аулалға іргелес аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда Жеңіс көшесінің тұрғыны Тасқала ауданы жұртшылығын тазалық сақтауға шақырды.
"Әр мекеме, әр аудан тұрғындарын аудан әкімшілігі сенбілік жасауға атсалысуға шақырып жатыр. Өзіміз тазалық акциясын бастап кеткен болатынбыз. Есік алдын жинастырдық. Қоқыстардың барлығы далада шашалып жатуы дұрыс емес. Осы жерде тұрып жатқасын, әр ауламызды, ауламыздың сыртын таза ұстау ол біздің міндетіміз. Кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық іс жасаган жөн. Балаларымызды тазалыққа үйретуіміз өзімізден басталады.Осы жерде жүрген 18 үйдің тұрғындарымыз. Айналамыздың жақсы таза болғанын қалаймыз.
Тазалық бар жерде денсаулық бар. Сондықтан деніміз сау болсын. Аман болайық. Еліміз тыныш болсын. Барша тұрғындарды тазалық акциясына белсенділік танытуға шақырамын", - дейді Жеңіс көшесінің 18 үйдің тұрғыны Нұрлы Жұмағұлова.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы