29.04.2024, 14:45
Оқылды: 28

Көңілді жылытқан "Көктем шуағы"

19 сәуір күні «Жалпақтал балалар өнер мектебі» МКҚК ғимаратында ІV аудандық дарынды балаларға арналған «Көктем шуағы» байқауы өтті. Байқауға  К.Меңдәлиев, Ғ.Молдашев, Қараөзен мектеп-лицейі, Жаңажол жалпы орта білім беретін мектебі, Ақпәтер, Ғ.Бегалиев, Тереңкөл, Талдыапан, Әбіш, Казталов музыка мектебі, А.Оразбаева мектептерінен  жалпы 100-ге  тарта оқушы қатысты.
image-29-04-24-11-34-3
Байқауда  8-10 жас және 11-14 жас аралығындағы таланттылар аспаптық өнер (домбыра, қобыз, бас қобыз, баян), бейнелеу өнері бойынша 33 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Нәтижесінде "Балдырған" тобы бойынша 1 орын Медеу Ермұхан (Казталов музыка мектебі), 2 орын Сезім Сатыбалды, Радим Рүстембекұлы (Казталов музыка мектебі), 3 орын Нұрболат Жексенғали (Тереңкөл МБК), Сезім Бауыржан (Жалпақтал балалар өнер мектебі), Нұрсұлтан Сатыбалды (Жалпақтал балалар өнер мектебі) иеленді.
Ал "Жеткіншек" тобы бойынша 1 орын Нұрай Орынғали (Жалпақтал балалар өнер мектебі), 2 орын Темірлан Самархан (Казталов музыка мектебі), Еркеназ Мұсағали (Ақпәтер ЖОББМ), 3 орын Кәкім Жанарыс (Ақпәтер ЖОББМ), Саялы Елемес (Жалпақтал балалар өнер мектебі), Амина Ғилым (Жалпақтал балалар өнер мектебі) ие болды.
image-29-04-24-11-34-2
- Бас қобыз аспабы бойынша жалпы саны 7 оқушы қатысып, "Балдырған" тобы бойынша 1 орын Мәдина Амангелді (Жалпақтал балалар өнер мектебі), 2 орын Лунара Серікқали  (Жалпақтал балалар өнер мектебі), Мақсат Маратұлы  (Жалпақтал балалар өнер мектебі), 3 орын Аружан Махмуд (Жалпақтал балалар өнер мектебі), Аружан Серікқызы (Жалпақтал балалар өнер мектебі), "Жеткіншек" тобы бойынша Нұрайна Айдарбек 1 орын, Томирис Серикова 2-орын иеленді.
- Қобыз аспабы бойынша жалпы саны 14 оқушы қатысып, 1 орын Инабат Талап (Казталов музыка мектебі), 2 орын Даруна Мейрамғали (Жалпақтал балалар өнер мектебі), Ару Ерсайын (Жалпақтал балалар өнер мектебі), 3 орын Айжұлдыз Ерсайын (Жалпақтал балалар өнер мектебі), Салтанат Темірболат (Ақпәтер ЖОББМ), Мадина Сатай (Ақпәтер ЖОББМ), ал "Жеткіншек" тобы бойынша 1 орын Альбина Темірғалиева, 2 орын Тайла Қажымұратова иеленді.
image-29-04-24-11-34-1
- Бейнелеу өнері номинациясы бойынша 34 оқушы қатысып, "Балдырған"  топ бойынша 1орын  Айша Сиреке  (Ғ.Молдашев ЖОББМ), 2 орын Жанель Қахарманова  ( Ғ.Молдашев ЖОББМ ), Ануар Ербол  (Талдыапан ЖОББМ), 3 орын Семанур Манасова  (Талдыапан ЖОББМ), Әсем Жұмабек  (Жалпақтал балалар өнер мектебі) ,  Айша Қанатқали  (Әбіш НОМ) иеленіп,  қалған 17оқушы дипломант атанды.
Ал "Жеткіншек" тобы бойынша 1 орын Жанерке Серікбай (Ақпәтер ЖОББМ), 2 орын Әлия Сисенбай (Тереңкөл МБК), Айару Абайқызы (Ғ.Молдашев ЖОББМ), 3 орын Мадина Амангелді (К.Мендалиев ЖОББМ), Амина Думанқызы (Ғ.Молдашев ЖОББМ), Нұртілек Ситек (Ғ.Бегалиев ЖОББМ) иеленіп, қалған 5 оқушы дипломант атанды.
image-29-04-24-11-34
Сонымен қатар барлық қатысушылар және жетекшілер алғысхатпен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жұлдыз Асқар, 
Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале