24.05.2024, 16:45
Оқылды: 106

Мұратсайлық түлектер көгілдір отын қосып берді

Туып-өскен ауылдарын гүлдендіруге атсалысып жүретін мектеп түлектерінің ізгі істері көпке үлгі екені рас. Әр жылдары білім ошағынан қанат қаққан шәкірттер жыл сайын қайырымдылық шараларына қатысып, белсенділік танытып келеді. Бірі ойын алаңын салуға үлес қосса, енді бірі тал-теректер егіп, ауылды жасылдандыруға ұмтылды. Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылының А.Құсайынов атындағы мектептің 2014 жылғы түлектері де демеушілік танытып, игі іске мұрындық болды. 

IMG-20240524-WA0054

 Мұратсай ауылына қарасты  Әжен елді мекенінің байырғы  тұрғыны Жаслан Мырзағалиевтің үйіне  көгілдір отын кіргізіп қана қоймай, жаңадан газ плитасын да сыйға тартыпты.

Қайырымдылық шарасына түрткі болған түлектерге жергілікті ағайын да ризашылығын білдіріп, қайырымды жандардың қатары арте бергей деген  тілектерін жаудырды. Өз кезегінде ауыл әкімі Мейрамбек Ғиылманов та туған жеріне көмек қолын созып, көркеюіне үлес қосқан елжанды, жомарт азаматтарға  алғысын жеткізді.

IMG-20240524-WA0055

Түлектердің атынан сөз алған Жайсанбек Кәмелов те:

- Жақсылық жасау мектептің табалдырығын аттаған әр оқушының парызына айналғандай. Біз де игілікті шараға бастамашы болғымыз келді. Жаслан ағамыздың жағдайымен танысқан соң көгілдір отын тартуға ниет таныттық.  Ұзақ жылдан бері көгілдір отынсыз қиналып келді. Ендігі үлкен кісілеріміз қиындық көрмесін, - деді.

 

Арайлым Есмағұлова,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале