Бүгін Сырым ауданында 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті.
Барлық баланың көңілі аяулы, барлық сәбидің сезімі мөлдір. Ал ерекше балалардың көңілі тіпті нәзік. Осыны түсінген Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мерекені өте мазмұнды әрі қызық етуге күш салған.
«Әли» мейрамханасындағы салтанатты кешке шақырылған ерекше балаларды ата - аналары қызыл кілем жайып күтіп алды.
Оларды мейрамдарымен Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев құттықтады.
Балалар күнін «Демалыс орталығы» мекемесінен келген ертегі кейіпкерлері мен Орал қаласындағы «Балаларға базарлық!» шоу орталығы думанды қылды. Кешті талантты педагог Нұрболат Жұмағазиев жүргізді.
Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаеваның айтуынша, шараға 40-қа жуық бала қатысқан.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz