31.05.2024, 16:15
Оқылды: 84

Тасқаланың бірнеше ауылында тұрғын үй салынады

Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі ел тұрғындары үшін ең өзекті тақырыптың бірі. Бұл мәселе бойынша Тасқала ауданында біркелкі жұмыс атқарылып, шешімін тапты. Жоспарда тұрған жұмыс аудан әкімі Талғат Шакировтың тікелей бақылауында.

жп таскала дом стройка (1)

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда аудан бойынша 510 адам 6 санат бойынша үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар мен бюджеттік қызметкерлер бар. Былтыр халықты тұрғын үймен қамту бағытында тұрғын  үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған концепциясы қабылданған болатын. Осыған орай былтыр 10 тұрғын үй сатып алынса, биыл облыс әкімінің ауылдарды дамыту, ауылда халықты тұрақтандыру бағытында берілген тапсырмасына орай 5 ауылдық округте тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.

жп таскала дом стройка (2)

- Құрылысты Атамекен, Ақтау, Мерей, 2-Шежін және Амангелді ауылдардына кәсіпкерлерді тарту арқылы жүргізуді жоспарлап отырмыз.Күні бүгінге жер телімдері аукцион арқылы рәсімделіп, кәсіпкерлерге берілді. Құрылыс аяқталған кейін дайын тұрғын үйлер мемлекеттік меншікке алынып, кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Жалпы аудан бойынша 20 пәтерден тұратын 12 тұрғын үй салынады, - дейді аудан әкімі.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

жп таскала дом стройка (3) жп таскала дом стройка (4) жп таскала дом стройка (5)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале