31.05.2024, 15:00
Оқылды: 61

БҚО полициясы аудан кітапханасына 100 кітап сыйлады

Бүгін Сырым ауданындағы М.Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапханада «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» әлеуметтік акциясын қолдау шарасы өтті.

жп сырым китап (1)

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев Жымпиты кентіндегі аудандық кітапханаға

100 атаумен 120 дана кітап табыс етті.

- Акцияны Сырым ауданында ұйымдастыруымыз тегін емес. Өйткені Жымпиты - Алаштың астанасы, руханият ордасы. Биыл наурызда Атырау қаласында өткен «Адал еңбек - адал табыс» тақырыбымен өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев жастардың оқуға деген сүйіспеншілігін ерекше атап өтті. Батыс Қазақстан облысының полициясы кітап оқу үдерісін қолдайды. Себебі - оқыған адам санасы салауатты, зиялы адам. Көзі ашық азаматтар қоғамға зор үлес қосады, - деді полковник.

жп сырым китап (2)

Айта кетейік, игі іске ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал - лейтенанты Ержан Саденов бастамашы болды.

Арман Оразалиевке Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов алғыс білдірді.

жп сырым китап (3)

Полиция ұсынған кітап коллекциясы өте бай. Ішінде қазіргі замандағы қазақ әдебиетінен Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабы, Мирас Асанның «Сүйесің жүрек сүйесің! », Әлия Дәулетбаеваның «Алматыдан алыста!» атты жыр жинақтары, «Қасым» кітапханасының өнімдері бар. Балалар сүйіп оқитын Зира Наурызбаеваның «Бату мен достары» топтамасы мен Роулиң Кингтің «Хәрри Поттер» кітабы бар.

Бұдан бөлек, кітапхана сөресі шетел әдебиетімен бірге Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» секілді мотивициялық дүниелерімен толықты.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале