31.05.2024, 17:42
Оқылды: 71

Тегін құқықтық көмек көрсетілді

Тасқала аудандық мәдени -демалыс орталығында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

заң фото 1

Оның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Аталмыш акция барысында адвокаттар мен заңгерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері прокуратура, сот орындаушы, нотариус, полиция), мемлекеттік кірістер басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері заң төңірегінде тұрғындар сауалына жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.

Шарада аудан әкімі Талғат Шакиров акцияның маңыздылығына тоқталды.

- Ауданда «Халық заңгері» жлпы Республикалық акциясы өтіп жатыр. Осындай халыққа пайдалы кеңес берілетін, көмек көрсетілетін науқандар жалғасын таба берсін. Көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңызды қойып, оның жауабын алып, шешімдері табылсын, -деді аудан әкімі.

Акция барысында аудан бойынша құқықтық көмекке мұқтаж 57 азамат хабарласып, оларға тегін консультация берілді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале