Бүгін Тасқала ауданындағы Жастар стадионында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейірім балаға!» атты мерекелік шара өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева қатысып, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады.
Шара барысында «үздік бүлдіршін», «үздік спортшы», «үздік өнерпаз», «үздік шебер», «үздік зерттеуші», «үздік білгір» және тағы басқа аталымдар бойынша балаларға алғысхаттар мен сыйлықтар табыстады.
Әрі қарай салтанатты шара театрландырылған қойылым және ән шашумен жалғасты.
Назерке Шайхоллақызы,
Тасқала ауданы