Бокстан Бангкок қаласында өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен
Шешуші айқаста Ұлттық құрама спортшысы (63,5 кг) Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады.
Бұған дейінгі осы салмақтағы көрсеткіштеріміз:
2021 жыл. Токио Олимпиадасы
63 кг. Закир Сафиуллин (1/4 финал)
2016 жыл. Рио Олимпиадасы
64 кг. Абылайхан Жүсіпов (1/16 финал)
2012 жыл. Лондон Олимпиадасы
64 кг. Данияр Елеусінов (1/4 финал)
2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы
64 кг. Серік Сәпиев (1/4 финал)
2004 жыл. Афина Олимпиадасы
64 кг. Нұржан Кәрімжанов (1/4 финал)
2000 жыл. Сидней Олимпиадасына қатыспады.
1996 жыл. Атланта Олимпиадасы
63,5 кг. Болат Ниязымбетов (қола жүлде).