Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні Орал қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде аталып өтті. Бұл жөнінде ҚР ІІМ ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш шара өз бастауын мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Ұйымдастырылған іс-шара барысында әскери бөлім қызметшілері еліміздің Туын биікке көтеріп қана қоймай, Елтаңбасында назарға ұсынды.
Шара барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Маратұлы ұландықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.
Шара салтанатты шерумен жалғасты.