4.06.2024, 15:45
Оқылды: 82

Жәнібек ауданында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Бүгін Жәнібек ауданында Рәміздер күні жоғары деңгейде атап өтілді.

84A7CCBE-1D7E-468C-B214-E2024F2FAA31

Тәуелсіздік алаңына жиылған жұртшылық Мемлекеттік Гимнді шырқап, Ту көтеру рәсіміне қатысты. Мемлекеттік Гимн Қазақстанның барлық қаласы мен елді мекенінде бір мезетте шырқалды.

Әрмен қарай шара Ту көтерген автошерумен жалғасты. Ақ сүттей аппақ автокөліктер М.Ықсанов, Абай, Ш.Мәжитов, Ғ.Қараш, М.Мәметова көшелерімен жүріп өтіп, саябаққа аялдады.

C018EA8E-A226-4512-B294-029ED28EA1AD

Мәдениет және демалыс саябағында мереке «Рәміздер – мемлекет негізі» атты шарамен жалғасты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізіліп, төрден орын алды. Аудан әкімі Тимур Шиниязов сөз алып, жерлестерді мерекемен құттықтады.

– Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде. Биыл мемлекеттік рәміздердің тарихындағы оқиғалар жеткілікті. Соның ішінде Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтың 80 жылдығы және Талғат Мұсабаевтың тұңғыш рет Мемлекеттік туды ғарышқа алып шығуына 30 жыл толып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекеттік рәміздердің рөліне айрықша мән беріп келеді. «Көк байрағымыз мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз азаттықтың айшықты көрінісі, Гимніміз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл бабаларымыздың орындалған арманы», - деді Мемлекет басшысы.

60A3D362-6DB9-4F90-A4CC-25BD0397A9DC

Жалпы әлемде 1 200 ұлт өкілі бар екен, соның тек қана 200-інде өз жері, тарихи Отаны, Туы, Гимні бар. Қанша халық Туын көтере алмай, оны армандап жүр. Сондықтан Мемлекеттік рәміздеріміз біздің байлығымыз, қасиетті байрағымыз, ұлтымыздың мақтанышы, Тәуелсіз елдігіміздің нышаны. Әр қазақтың төрінде үй тұмарымен бірге, домбыра мен Ту болу қажет. Ол біздің ұлттық болмысымызды бейнелейтін символдарымыздың бірі деп есептейміз. Әлемде тәжірибе аз емес, Түркия мемлекеті, Израиль, АҚШ мемлекеттерінде Туға деген құрметті байқап жүрміз. Сондықтан біз мемлекеттік рәміздерге деген, көк Туымызға деген мәдениетті қалыптастыру жұмысын жалғастырумыз қажет.

Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – Отан алдындағы ұрпақтар борышы. Рәміздерге деген құрмет арта берсін! Мемлекеттік рәмізден халқымыздың мың жыл бойы аңсаған арманы, тәуелсіздігіміздің нышаны, рух беретін үлкен күш! Туымыз биік, тұғыры берік болсын!, - деп аудан басшысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде бокстан керемет нәтиже көрсеткен жас спортшыларға өз атынан алғысхат табыстады.

58878824-FC85-437C-8C8B-69D3B5A6EEC8

Атап айтсақ, республикалық турнирде І орын алған Әзизхан Қадыр, ІІІ орын иегерлері Диас Бекболат пен Нұрислам Алпысқа қошемет көрсетілді.

Жас спортшыларды дайындап, жеңіске жетелеп жүрген бапкер Нұрбек Орынбаевтың еңбегі ерекше аталып, алғысхат табысталды.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале