Орал қаласында Қоршаған ортаны қорғау күні әдеттегі салтанатты жиын емес, ауқымды экологиялық акция түрінде өтті. Экология, табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін сақтау мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың ұжымдары Құс фабрикасы ауданындағы жол бойындағы адамдар ең көп жүретін орман белдеуін санитарлық тазартуға шықты.
Осылайша, экология департаментінің, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Қазсушар» және «Қазгидромет» филиалдарының қызметкерлері табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасын қолдап, кәсіби мереке күні өңірдің тазалығына нақты үлес қосты.
Сонымен қатар «Біздің Жайық-Наш Урал» экологиялық-туристік қозғалысы» және «Телегей» қоғамдық ұйымдарының өкілдері де қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов акцияға қатысушыларды құттықтап, бұған дейін Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық акциясына бастамашы болып, барлық қазақстандықтарды қоршаған ортаны қорғауға бей-жай қарамауға және өз үлестерін қосуға шақырғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын өңірлердің барлық тұрғындары қолдап, 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша сенбіліктерге белсенді қатысты.
Алайда, азаматтар, қоғам белсенділері осы іс-шаралардың маңыздылығын түсініп, акцияны айлық шара түрінде емес, әлдеқайда кеңірек жалғастыруды ұсынды, өйткені оның мақсаттары барлық қазақстандықтар үшін өте өзекті және маңызды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ бүгінгі таңда қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері барлық азаматтарға қатысты.
Экология департаментінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары Мұрат Ермекқалиев, сондай-ақ әріптестерін экология күнімен құттықтады.
Экологтар күніне арналған акция кезінде мемлекеттік қызметшілердің күшімен бір сағат ішінде орман алқабы мен жол бойындағы аумақ қоқыстан тазартылды. Қоқыс негізінен тұрмыстық және құрылыс қоқысы, пластикалық және шыны бөтелкелер, полиэтилен пакеттер, ескі киімдер. Осы арқылы олар қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай үлес қосып, туған өлкенің табиғатын сақтауға жанашырлықтың үлгісін көрсетті.
Сәуле Загидуллина