12.06.2024, 11:02
Оқылды: 25

Артур Ермұқанов: Орманды өртке бермеу – ортақ міндет

Маусымның алғашқы күндерінен бастап орнаған аптап ыстықтың беті әзірге қайтпайды. Алдағы уақытта да метеорологтардың болжамы бойынша аса жоғары ауа температурасы күтілуде. Соған байланысты өрттің қаупі өте күшті. Әсіресе бұл кезеңде орман алқаптарын тілсіз жаудан сақтауға күш жұмылдырған жөн. Жайық бойы ен тоғайда өрттің алдын алуда қандай жұмыстар жүргізілуде? Дайындық қалай? Осының бәрі AMANAT партиясының Ақжайық аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің бақылауынан тыс қалмайды.

FE00ACCB-82B6-4914-BCE6-ADE5654770AA

Олар партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің тапсырмасына сай, Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру стансасына арнай барып, орман өрттерін алдын алу бойынша дайындықпен танысты.

Қазіргі таңда өрт сөндіру стансасында 10 адам қызмет етеді. Мекемеде 1 өрт сөндіру көлігі болса, жаңадан екінші көлікті алуды қамдап, мемлекеттік сатып алу порталында тиісті рәсімдерді қолға алған. Бұрын өрт сөндіру стансасының қызметкерлері тек өрт қаупі жоғары кезеңде ғана маусымдық негізде жұмысқа тартылған. Биыл міне, екінші жыл қатарынан қызметкерлер тұрақты түрде қызмет атқаруда. Бұл да болса, тілсіз жауды күш алдырмай, дер кезінде сөндіру үшін қажет.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мекеменің өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығы қанағаттанарлық деңгейде деген баға берді.

– Көп жағдайда орман өрттері адами фактордан болып жатады. Орманға демалуға келген азаматтар өрт қауіпсіздігін сақтамағанының салдарынан талай өрттер болды. Табиғи байлығымызды тілсіз жаудан сақтауды тек бір мекемеге жүктеп қоймай, өзіміз де сақтық шараларын аса мұқият орындағанымыз абзал. Орманды өртке бермеу – ортақ міндет, - дейді партияның аудандық филиалының төрағасы Артур Ермұқанов.

Әсем Есбек
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале