14.06.2024, 9:04
Оқылды: 179

Зашаған кентінде жол жөндеу қарқын алды – қала әкімдігі

Қазір кентте бес жобалық-сметалық құжаттама жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, Жанқадамов, Беляев, Баян сұлу, Жерұйық және Өзен көшелерінде жол құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ЖП ЖОЛ

Өзен көшесінде асфальт төсеу жұмысы басталды. Көшенің ұзындығы – 530 метр. Бұл көшенің тұрғындары өздері жобалық-сметалық құжаттама жасақтап, Зашаған кенті әкімдігіне ұсынған.

Қазір «Тоби» ЖШС мердігер мекемесімен жұмыс жобаға сай атқарылып жатыр.

Бұдан бөлек ағымдағы жөндеу аясында көп жылдар жөндеу көрмеген Доспанова көшесінің асфальт жабыны ауыстырылып жатыр.

Жалпы аталған кентте ағымдағы жөндеу шеңберінде ұзындығы қысқа 38 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале