Өткен жылы қаладағы көпқабатты үйлерді, әкімшілік ғимараттарды сәулеттік жарықтандыру басталды. Аталған жұмысты мердігер – «Postman PR» ЖШС атқарып жатыр. Бұл жөнінде Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Суретті түсірген Байтас Исмурзенов
2023 жылы 18 көпқабатты үйге және 4 әкімшілік ғимаратқа сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Биыл 13 үйге осындай жұмыс жүргізу көзделген.
Жуырда Айтқұлов көшесін Орал-Саратов тас жолынан Жәңгір хан көшесіне дейін жарықтандыру аяқталды. Аталған көшенің бойына 168 жарықшамдар орнатылды.
Сондай-ақ Зашаған кентіндегі екі аула аумағы көше жарығын күтіп-ұстау аясында жарықтандырылмақ.
zhaikpress.kz