19.06.2024, 11:00
Оқылды: 300

Казталов ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы ашылды

Казталовтағы «Достық» саябағында «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтарының кезекті маусымының ашылу салтанаты өтті.

D762299B-1C0F-4321-A8DC-86BB1428F80D

Салтанатты шараға Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов және белсенді жастар қатысты.

Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 20 жыл толды. Ал аудандарда жобаның басталғанына 10 жылға жуық уақыт толып отыр. Осы жылдар көлемінде ауданымыз бойынша 500-ден астам жас бағдарлама аясында еңбек етті.

Салтанатты шарада сөз алған Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Бақтиярұлы жобаға қатысушы азаматтар мен азаматшалардың жұмысына сәттілік тілей отырып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында еңбек еткен және әртүрлі маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға үлесін қосқан белсенді еріктілерді марапаттады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші!» дегенін еске алсақ, еңбексүйгіш өрендердің өсуіне құрылыс жасақтарының берер пайдасы мол. Студенттік құрылыс жасағы – бұл тұлғаның мінезі сыналып, еңбекқорлығы мен жауапкершілік сезімі тәрбиеленетін еңбек майданы» деп атап айтты.

Шарада Абай Мақсатов, Аманжол Камжанов, Ерәлі Абдулов, «Қарылғаш» би ансамблінің бишілері өнерлерін паш етті. 

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Мұқағали Өтегенұлы өз сөзінде «Жасыл елдің» жиырмасыншы маусымы бастау алып жатқандығын атап өтті.

– «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс

жасақтарының жиырмасыншы маусымының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш жоба аясында ауданымызда 65 жас – маусым және шілде айларында қызмет атқарады. Еңбек құрамында студенттер мен 16 жасқа толған оқушылар қамтылған. Қазіргі таңда Казталов және Жалпақтал ауылдық округтерінде екі кезең бойынша қызмет атқаруда. Саябақтарды, жағалауларды тазалау, қоршаулардың ішіндегі арам шөптерді тазалау қызметтерін атқаратын болады. Алдағы уақытта жоба аясында жастарымыздың санын көбейтіп, мейілінше басқа да ауылдық округтерді қамтитын боламыз, - деді сөзінде.

Ал «Жасыл ел» құрамында екінші жыл қатарынан еңбек етуге ниетті Зарина Кеңесова:

– Мен алдыңғы жылы да «Жасыл ел» абаттандыру жұмысына қатыстым. Биыл да кезекті еңбек маусымына өтініш білдіріп, қызмет жасауға ниет білдірдім. Өз ауданымның гүлденуіне үлесімді қосып, жергілікті жастарды еңбек етуге және бос уақытын тиімді пайдалануға шақырамын, - деді.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале