19.06.2024, 15:30
Оқылды: 810

«Жемқорлыққа қарсы еріктілер Орал қаласы әкімдігінің 45 млн теңгеге бейнеконференцбайланыс жабдығын сатып алуын тоқтатты» – Антикор

Өткен жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы өз қатарына 2,7 мыңнан астам белсендіні біріктірді. Олардың күш-жігерінің арқасында 7 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар мен қызметтерге бағаны көтеру тәуекелдеріне жол берілмеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі жазды.

776E5AFC-4454-4372-B10A-E5FA29FC9C7D

Сурет: видеодан скриншот
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінен

«Мысалы, жемқорлыққа қарсы еріктілер Орал қаласының әкімдігінің 45 млн теңге сомасына бейнеконференцбайланыс жабдығын сатып алуын тоқтатты, себебі ұқсас жабдықтың нарықтық құны шамамен 4 млн теңгені құрайды.

Шымкент қаласының еріктілері білім басқармасымен және бірнеше мектептермен жетім балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша сатып алуды қайталау фактісін анықтады. Уақытылы ден қою нәтижесінде бюджет қаражатының 78 млн теңге сомасында тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Түркістан қаласында еріктілер жылу энергиясын есептеу кезінде тарифтерді негізсіз көтеру фактісін анықтады. Көпқабатты тұрғын үйлерде есептеу құралдары орнатылғанына қарамастан, есептеу шаршы метрмен жүргізілген, бұл жылыту құнының өсуіне әкелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің екі мыңнан астам тұрғыны үшін шамамен 13 млн теңгеге қайта есептеу жүргізілді.

Елордада еріктілер «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша берілген 30 пәтердің жағдайын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлер радиаторлар мен электр розеткаларының болмауы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары және басқа да ақаулар сияқты көптеген кемшіліктерді жойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қызметінің арқасында халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі», деп хабарлады Антикор.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале