Жалпақтал ауылдық округі бойынша жергілікті қауымдастық мүшелерінің қатысуымен құрылған тұрғын үйлерді іске қосу және бақылау бойынша комиссия мүшелері түрлі бағдарламалар бойынша салынып жатқан екі пәтерлі тұрғын үйлер құрылысын және Кенжебек Меңдалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мен «Балдәурен» бөбекжайының қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеріп шықты.
Онда комиссия мүшелері тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер мен қысқы маусымға жүріп жатқан әзірлік жұмысының сапасына жіті мән беріп, нысандарды уақтылы аяқтау керек екендігін тапсырды.
Қадағалау жұмысы жалғасатын болады.
Қыдыр Харесұлы
zhaikpress.kz