26.06.2024, 10:47
Оқылды: 51

Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 14 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қала ЖП

Семейде күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін ысиды. Өрт шығу қаупі жоғары болады.

Ақтөбе облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында және солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғуы ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары болады. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күн күркіреп, күндіз өткінші жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус деңгейінде қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өрт шығу қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында және батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда найзағай болжанып отыр. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15-18 м/с дейін жел соғады. Өрт қаупі әлі де жоғары болады.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус ыстық сақталады. Алматыда күндіз +35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Қонаевта күндіз 35-37 градус ыстық сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел бағытын оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыстырады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың барлық аумағында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысында 35 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың барлық аумағында 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында және солтүстігінде күн күркіреп, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағыты күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн күркіреп, күндіз облыстың батысында және шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырауда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз батыста, облыстың шөлейт аймақтарында 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Түркістанда күндіз ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде 25 м/с дейін күшейеді. Жетісу өңірінде күндіз 35-38 градус ыстық сақталады. Талдықорғанда күндіз 36-38 градус ыстық болады.

26-27 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. 26 маусымда күндіз, 27 маусымда күндіз оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с дейін күшейеді. 26-27 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болжанып отыр.

Таразда 27 маусымда күндіз 38-40 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале