27.06.2024, 11:15
Оқылды: 107

IQanat олимпиадасының қорытынды сыны өтті

Алматы қаласында IQanat олимпиадасының қорытынды сыны өтті.

C95DD5D6-9816-4FCB-A700-57C1F40FCDCB

Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық өңірінен 1 000-нан астам ауыл баласы қатысты.

Бұл оқушылар – алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, іріктеудің бастапқы кезеңдеріне қатысқан 60 мыңнан астам баланың арасынан үздік деп танылғандар еді.

Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 45 оқушының бірқатары грант, жартылай грант иегерлері атанып, жеңіспен оралды. Жеңімпаздар қатарында Ақжайық ауданы Жаңабұлақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бауыржан Санжар, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Қасым Аманжолов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Ниғмет Гүлназ, Жаңақала ауданы, Пятимар орта мектебінің 8-сынып оқушысы Махмет Айкөркем, Казталов ауданы, Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Егизова Азиза, Тасқала ауданы, Сәулет мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары Қамидолла Раяна мен Закариянов Шерхан бар.

Сондай-ақ өңіріміздің әр аудан-ауылынан тағы бес оқушы жартылай грант иегері атанды.

Олимпиаданың салтанатты марапаттау рәсімі Алматы қаласындағы Медеу таулы спорт кешенінде өтті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале