2.07.2024, 11:03
Оқылды: 137

БҚО-да қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы өттіЕң әуелі сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-шаралар туралы сөз қозғалды. ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызметі) БҚО бойынша департаменті  басшысының бірінші орынбасары Мұратбек  Қасымов аяқталмаған құрылыс нысандары, білім  саласындағы пилоттық жоба, жер берудегі  үдерістерді интеграциялау және аутоматтандыру,  мемлекеттік сатып алу мәселелері жайында баяндады.

1A7FE5A7-995B-4B55-B87D-73066C665F21

– Департамент бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын және құрылыстың уақтылы аяқталмау себептерін талдады. 2023 жылы өңір бойынша жалпы сомасы 14 млрд  теңгеге 7 әлеуметтік маңызы бар нысан салу жоспарланған. Оның үшеуінің құрылысы аяқталған. Ал қалған төрт нысанның құрылысы уақтылы жүргізілмеген. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 473 506 089 теңге қаражат үнемделді. Облыс аумағында жеручаскелерін алуға үлкен кезек бар. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Орал қаласының әрбір үшінші тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі қажет. Аудандарда  және облыс орталығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер беру кезегі сақталмайды. Мәселен, Жәнібек ауылдық округі әкімінің келісімімен кезекте тұрмаған 18 адамға жеке тұрғын үй салу үшін 22 жер учаскесі берілген. Осындай жағдай басқа да аудандарда кездеседі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына сәйкес өңірдегі өзекті мәселенің біріжекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру барысында бюджет қаражатын тиімді жұмсау. Биыл 158 жекеменшік бөбекжай мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 9,9 млрд теңгеге қаржыландырылады, - деді Мұратбек Жұмағалиұлы.

Мұратбек Қасымов сөзін аяқтаған соң қоғамдық кеңес мүшелері қозғалған мәселелерге қатыстыой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Содан соң облыстық энергетика жәнетұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мирас Мүлкәй «Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту» жобасы туралы  баяндады. Ал Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы Алмас Хайруллин аталған мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілетінін жеткізді.

Өз кезегінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Зұлқашев асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін тілге тиек етті. Ал облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов аталған басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер жайында сөз қозғады. Қоғамдық кеңес мүшелері жиын барысында айтылған ұсыныстарға қатысты пікір білдіріп, талқыланған мәселелерді сарапқа салды.

Марлен  Ғилымхан

Фото: Мәди Салық

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале