3.07.2024, 10:00
Оқылды: 60

Келер жылға дейін еліміздің шағын қалалары мен ауылдардағы мың мектеп жаңғыртылады

2025 жылға дейін тағы 1 000 мектепті жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Айта кету керек, бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

F91A7C42-C507-437D-AE54-C04EFF643475

Сурет: министрліктен

Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.

Атап айтқанда, ол мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттер сатып алу (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары), мектеп жиһаздарын жаңарту, асхана, кітапхана бөлмелерін жаңғырту, сондай-ақ мектепте қауіпсіздік жағдайларын жақсартуды қамтиды.

Осы ретте 2024-2025 оқу жылы 712 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 532 мектепке 1000-ға жуық пәндік кабинет сатып алынады, 574 мектепте жиһаз жаңартылады, 481 мектепте асхана, 757 мектепте кітапхана жаңғыртылады.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу жағдайы жақсартылады деп күтілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале