Жәнібек ауданы орталығындағы ДЭУ бассейнінде Астана күніне орай жүзуден ерлер арасында жарыс өтті. Ашылу салтанатына «Жәнібек» спорт клубының басшысы Бекжан Нығыметов қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Нәтижесінде 18-25 жас аралығында жүлделі 1 орынды Алихан Сәдуақасов қанжығасына байласа, 2 орынды Аманжол Қабдолов еншілеп, 3 орынды Мержан Теміржанов місе тұтты.
25-35 жас арасынан суырылып алға шыққан Марлен Бисеков жеңіс тұғырынан көрінсе, 2 орынды Райымбек Нұрғалиев, 3 орынды Рүстем Қойбағаров иеленді.
35 жастан жоғары 1 орынға Миржан Мұстафин лайықты болса, 2 орын Қанат Садықовқа, ал 3 орын Досжан Үмбеталиевке бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар беріліп, ақшалай сыйлықтар табысталды.
Бану Самат
Жәнібек ауданы