12.07.2024, 19:31
Оқылды: 148

Жаңақала ауданы: Пятимар ауылында сенбілік өтті

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Пятимар ауылдық округі аймағында Тоғай (Роща) және халық жиналатын канал жағалауларында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы барысында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

image-12-07-24-06-04 (1)

Акцияның басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Аталмыш жобаға аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы, Пятимар ауылдық округі әкімі Бауыржан Сәкенұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ранильұлы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Даурен Құбайдоллаұлы қатысты.

image-12-07-24-06-04-3

Сонымен қатар, жаз айлары бойынша еңбек етіп отырған "Жасыл ел" сарбаздары және Жаңақала еріктілері де ат салысты. Аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар сөз сөйлеп, табиғатты қорғау басты парыз екенін айта кетті.

image-12-07-24-06-04-2 (1)

Әрі қарай жиналғандардың баршасы 3 топқа бөлініп, түрлі аймақтарды қоқыстардан жинастыруға кірісті. Демалыс орнына айналған аталмыш аймақтың ластану да, таза тұруы да өз қолымызда екенін есімізден шығармасақ екен. Еліміз бен өңірімізді жасыл желекке айналдыруға ат салысайық.

image-12-07-24-06-04-5

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале