16.07.2024, 15:15
Оқылды: 32

Бөрлілік жас туристер үздіктер қатарында

Павлодар облысында спорттық туризмнен (жаяу туризм) Халықаралық жарыс және велосипед  туризмінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 

97C77138-1CE3-4A36-BCAF-5114DF24A808

Сайысқа Батыс Қазақстан облысының құрама командасында Бөрлі ауданы Жас туристер станциясының үйірме тәрбиеленушілері мен қосымша білім беру педагогы үш жас ерекшелік бойынша бақтарын сынады.

Жеке сынақта Айару Оразалы жақсы нәтиже көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан табылды. атанды.

«Байлам» қашықтығы бойынша Бақтияр Алипов пен Әлімжан Қайырғалиев жұбы мықтылықтарын танытты. Осы қашықтықта  Асқар Айша мен  Оразалы Айару да ешкімге есе жібермей бірінші орынды еншіледі.

«Триал» қашықтығы бойынша Оразалы Айару екінші орынға қол жеткізді. Үздіктер сынға түскен республикалық жарыста Жас туристтер станциясының ұстазы Сапиева Ақторғын Медалқызы әділқазы алқасы құрамында төрешілік қызмет атқарды.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале