30.07.2024, 10:00
Оқылды: 72

Маңғаз Маңғыстау – Оралдағы көркемсурет көрмесінде

«Атамекен» өнер ордасында «Мың бояулы Маңғыстау» атты көрме ашылды. Мәдени іс-шараға қылқалам шеберлері, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Ең әуелі облы-стық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Мұсаұлы сөз алып, ұйымдастырушыларға, өнер иелеріне алғыс айтты.

236E749C-0526-4686-8E65-D395BD152095

– Маңғыстаулық қылқалам  шеберлерінің туындылары ерекше. Картиналарда табиғат көріністері көркем бейнелен­ген. Пейзажға қоса, көрмедегі еңбектерде қазақтың салт-дәстүрі, тарихы, ұлттық құндылықтары да көрініс тапқан. Жалпы осы көрменің ұйымдастырылуына себепші болған Қазақстан Суретшілер одағы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымына рақмет! Батысқазақстандық суретшілер де осы көрменің басы-қасында жүр. Мұндай іс-шаралардың пайдасы зор. Себебі, суретшілер бір-бірімен пікірлесіп, тә­жіри­бе алмасады, – деген Медхат Мұсаұлы ҚР Мәдениет са­ла­сы­ның үздігі, Қазақстан Сурет­шілер одағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Құлбайға алғысхат беріп, естелік сыйлық тарту етті.

Өз кезегінде Бақытжан Айт­байұлы көрмеге 31 маңғыстау­лық сурет­ші­нің 70-тен ас­там кескінде­мелік туындысы қойылға­нын жеткізді. Сондай-ақ бұрын көпшілікке танылып, насихаттала қоймаған қылқалам шеберлерінің картина-ларын да мүмкіндігінше кеңінен таныстыруға талпынып жүргендерін тілге тиек етті.

1EA7C8CE-8024-4815-9C1F-DCD47BEA1D93

– Көркемсурет көрмесінің мақсаты – мәдени құндылықтарды насихаттау, тәжірибе алмасу. Көрмені ба-тысқазақстандықтар бір ай бойы тамашалай алады. Маңғыстау суретшілері қанық бояу тілін шебер меңгерген. Жұмыстар түрлі жанрда жазылған. Олардың ортақ тақырыбы – адам тағдыры, со­ның ішінде қазақтың тағды­ры. Бұл көрме – үйлесімді әлем­нің, бізді қоршаған ортаның, өмірдің шексіз сән-салтанатының көрінісі, – деді Бақытжан Құлбай.

Іс-шара соңында «Ата­мекен» өнер орда­сының директоры Ба­уыржан Халиолла бірқатар маңғыстаулық су­ретшіге алғысхат, есте­лік сыйлық беріп, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

44BC353C-A274-443E-818C-4D19D2BED27F

– Үш жүз алпыс әулие­лі мекеннен өнер көші, суретшілердің керуені ат басын Ақ Жайыққа бұрған екен. Бұл – біз үшін қуанышты жағдай. Қасиетті Маңғыстауда дүниеге келіп, сол жерде тіршілік кешіп жүріп, суретші болмау мүмкін емес. Өйткені, Маңғыстау даласының өзі – Құдайдың назары түскен табиғи картина секілді. Осы көрменің ұйымда-стырылуына атсалысқан «Атамекен» өнер ордасы көрме ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қуандық Мәдірге ал­ғыс айтамын. Осындай сурет­шілер көрмесі жүйелі, дәстүрлі түрде өнер ордасының көрме залында көпшілікке ұсынылып тұрады, – деді Бауыржан Ергенұлы.

Мәрлен Ғилымхан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале