31.07.2024, 11:00
Оқылды: 131

Ақжайықта еріктілер қарияларға көмектесті

Қазіргі уақытта еріктілердің жұмысы қарқын алып, игі бастамаға ұйытқы болған қыз-жігіттер ізгі істердің жаршысына айналды. Өйткені олар түрлі іс-шара мен жұмыстардың басы-қасында жүріп, талай шаруаны ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, өздері ұйымдастырып жүр.

D1542C17-6B61-49A1-92BD-8260D129DE68

Атауы айтып тұрғандай, расында да осындай өрендер – көмекке мұқтаж жандарға өз еркімен септігін тигізетін, жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақыны қажет етпейтін  жандар.

Жуырда «Жасыл ел» жасағының сарбаздарынан құралған еріктілер аудан орталығында жалғыз екі қарияның үйіне барып, көмек көрсетті.

Еріктілер қатарында оқушылар мен студенттер бар. Олардың ізгі ісіне риза болған аға буын өкілдерінің бірі – еңбек ардагері Тәттіғали Жұмағалиев.

Қыз-жігіттер оның үйіне барып, ауласын арам шөптен, қалдық-қоқыстан тазартып, қарияны қуантты. Өз кезегінде ауыл ақсақалы жас еріктілерге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Аудан бойынша 34 волонтерлік ұйым болса, оның тең жартысы ауылдық округтерде, қалғаны аудан орталығында жұмыс істейді. Жалпы волонтерлер саны – 303. Оның қатарына мектеп оқушылары, студенттер, жұмыссыз жастар кіреді.

Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале