1.08.2024, 16:45
Оқылды: 48

Бүгін – қазақтың музыка аспабын жасаушы шебер Қамар Қасымовтың туған күні

Бүгін – қазақтың музыка аспабын жасаушы шебер Қамар Қасымовтың туған күні.

D0BF0691-23DA-4195-92AC-59507D2ED3E1

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қамар Қасымов – қазақтың дәстүрлі көне музыкалық аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан тұңғыш органолог. 

Ол XX ғасырдың 1920-1930 жылдардағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қылқобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасы, дауылпаз бен шыңдауылды, сыбызғыны классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларды орындауға лайықтап жасады. 

Ол жасаған аспаптар көптеген халықаралық көрмелерге қойылды және бүгінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларда сақтаулы.

Дереккөз: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале