1.08.2024, 18:45
Оқылды: 5

Ақжайықтағы амбулаторияларға бес жаңа автокөліктің кілті табысталды

Бүгін Ақжайық ауданы орталығында ауылдық амбулаторияларға бес жаңа автокөліктің кілтін тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мұрат Сердалин қатысты. Құттықтау сөзінде ол өңірде медицина саласына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

7DA276E3-369A-4734-81C8-AD5DDCE639BC

– Уақтылы шұғыл көмек көрсету үшін медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын үздіксіз жаңартып жатырмыз. Облыстық бюджеттен 92 млн. теңге бөлініп, көлікке мұқтаж ауылдық округтерге көліктер алынды. Бұл дәрігерлердің жұмыс істеуін біршама жеңілдетеді, - деген аудан басшысы су жаңа көліктердің кілтін иелеріне табыстады.

C6CCF7AA-30AF-4FA3-9A84-37FBAD180A0F

Жаңадан берілген «газель» көліктері Ақжол, Алмалы, Алғабас, Бударин, Чапаев ауылдарының медицина мекемелеріне берілді.

0202C8BB-3DA3-4162-8FFB-2FF561049BAB

F8A259D0-27B1-4FE2-B4F2-B940EF229EEE

Шарада сөз алған Бударин ауылдық округінің әкімі Шоқан Мұсағалиев зор қолдау үшін ризашылығын білдірсе, аудандық аурухананың директоры Алмас Жүнісбеков медицина саласында өзге де жақсылықтарды атап өтті.

Әсем Есбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале