2.08.2024, 12:45
Оқылды: 53

«Үйлер сәнді, сәулетті!» – Руслан Шүйінішқалиев

72F3923E-17FA-4426-8AD5-71BD525D7E64

Руслан Шүйінішқалиев – қосымша білім беру саласының маманы. Сырым аудандық «Жас туристер стансасы» – жаны табиғатқа құмар, далаға іңкәр, салауатты өмірді қалайтын балалардың екінші үйі десек, Русландай тәлімгерлер олардың сүйікті ағайларына айналған.

Ауылдан аудан орталығына келген маманның алдымен үй-жайын қамдайтыны белгілі. Жымпиты ауылы, У. Шоқанов көшесіндегі 20-ы үй – Руслан мен Алтынайдың алтын босағалы баспаналары еді. 

– Өзеннің тасыған суы С.Сейфуллин көшесіне шықты. Кейін қар суына қосылып, гүрілдеген сарқырама тура біздің үйдің жанымен өтті. Бұрышын соқты. Барымыз – баспанамыз бүлінгенде, уайым қылғанымыз рас. Еңбегіміз еді ғой. Кейін жаңа үй беріледі дегесін, көңіліміз орынына түсті. Ал суда қалған үй ақыры құлап тынды. Төбесін ашқанда, қабырғалары гүрс етті. Аудан орталығына жұмысқа 2008 жылы келдім. Туризм саласында жүргеніме 16 жыл болды. Үйлер сапалы. Жаңа заманның барлық сәулет мен сәніне сай. Құрылысты халықтың өзі де қадағалады. Мамандар да жауапкершілікпен іс жасады. Жымпитының жаңа көшесінің алғашқы тұрғыны болғанымызға қуанамыз!, - дейді Руслан мырза. 

Руслан жұбайы Алтынаймен 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр. Екеуі де мектеп жасында. Балалар енді мектепте Қарасудан барады. 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале