5.08.2024, 17:30
Оқылды: 85

Қазақстанда шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды

Барлық өңірде шегірткеге қарсы өңдеу аяқталды – жұмыс қорытындысы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында шығарылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

F490E9A4-933F-4166-9529-CA76032FDDF0

Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі

Өңделген алқаптардың жалпы көлемі 3,1 млн гектарды құрады, бұл биыл болжанған 2,5 млн гектар көрсеткіштен 23%-ға жоғары.

Болжамды көлемнің іс жүзінде асып кетуі жаңа таралу ошағы анықталған жерлерді қайта өңдеуге байланысты қалыптасты.

Тұрақты мониторинг, дрондармен қоса техниканы зиянкестердің белсенді таралу орындарына жедел көшіру, орталық үкіметтік және өңірлік деңгейлердегі жағдайды қолмен басқару және бақылау, шекара маңы мемлекеттерінің аграрлық ведомстволарымен тығыз өзара іс-қимыл өз нәтижесін берді – биыл фермерлердің егістіктері шегірткеден зардап шеккен жоқ.

D3B6B403-9C85-4472-8720-7773917007B4

Негізгі қорғаныс іс-шараларының аяқталуына қарамастан, тағы бір апта бойы жекелеген өңірлерде шегірткенің пайда болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Үкімет шегірткеге қарсы белсенді жұмыс кезеңін аяқтап, келесі жылға дайындықты бастайды. Биылғы жоспарда – шегірткенің таралу көлемі бойынша болжам жасау және өңірлерде фитосанитариялық инспекциялар пайдаланатын дернәсілдердің пайда болу орындарын мониторингтеу үшін 100 дрон сатып алу қарастырылған. 2025 жылы алқаптарды өңдеу үшін дрондар сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ келесі жылы пестицидтерге, оларды тасымалдауға, сақтауға және қолдануға арналған шығындарды қамтитын шегірткеге қарсы бірыңғай қызметті орталықтандырылған сатып алуға көшу көзделіп отыр. Бұл жерді өңдеудің сапасы мен тиімділігін бақылауға, орындаушылардың жауапкершілігін арттыруға және бизнестің сатып алуға қатысуын тартымды етуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале