10.08.2024, 13:44
Оқылды: 215

Казталовта сауда қызып жатыр

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы орталық базарда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде ауылдық округтерден келген кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері өздері өндірген ет, сүт өнімдері және бау-бақша дақылдарын әкеліп, халыққа сатуда. Қолжетімді бағада сатылып жатқан өнімдердің саудасы қызып жатыр.

базар

Орталық базарға барсаңыз қысқа жабатын көкөністермен қатар май, ірімшік, қаймақ, құрт секілді сүт өнімдерін, сиыр мен қой етінен жасалған шұжық сатып алуыңызға болады. Керек десеңіз, дәмі тіл үйірер кәуап та пісіп жатыр.

Аяужан Шерниязова, «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы, Қараоба ауылдық округінен:

– Бүгін біздің аудан орталығындағы жәрмеңкеге өзім өндіріп жатқан ет өнімін әкеліп отырмыз. Яғни, біз сиыр, қой, тауық етінен жасалатын шұжық өндіреміз. Табиғи таза өнімге деген сұраныс жоғары. Тұрғындар қызығып алып жатыр. Алдын ала тапсырыс беруге де болады.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале