Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева мен аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың, ауылдық округ әкімдері және бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Жиналыс барысында ауылшаруашылығының хал-ахуалы, ауылдық округтердегі мал-мүліктен түсетін пайда мен ет, сүт өнімдері туралы айтыла келе, тапсырылатын есептің дұрыстығы, мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалану жөнінде сөз қозғалды.
Қатысушылар арасынан сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы