16.08.2024, 10:15
Оқылды: 115

Өңірлерде тамыз конференциясы өтіп жатыр

Еліміздің 20 өңірінде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің өңірлік секциялық отырыстары басталды, ал негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

798A5E62-96DC-484F-BE3D-9D6FC261391C

Суреттер: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Алғаш рет республикалық шара халықаралық саммит форматында білім саласындағы сарапшылар – халықаралық қонақтардың қатысуымен өтеді. Биылғы жылы саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында цифрландыруға және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына арналған.   

«Өңірлік конференцияларда дәстүрлі пленарлық отырыстар, интерактивті параллельді сессиялармен қатар, «Цифрлық білім берудің болашағы» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылады және цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтеді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

B1241116-54B9-474C-A522-FD6FE331AE40

Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін облыстық басқармалардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық тамыз саммитінің пленарлық отырысына білім саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуы күтілуде. Оған онлайн режимде 500 мыңнан астам педагогтер қатысуға мүмкіндік алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале