16.08.2024, 16:45
Оқылды: 117

Тасқалада құқықтық оқыту өтті

Тасқала аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жалпы құқықтық оқыту өткізілді.

D5E51046-A121-412C-9142-FC1FE8264914

Оған дербес бөлім мен ауылдық округ мамандары қатысты. Жиын барысында облыстық мекемелерге хат (құжаттар) дайындаушы органдар жолданатын құжаттарды аудан әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес жүргізуі және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексін түсіндіру мен құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы мәселелер қаралды.

Заң жобасы шеңберінде мемлекеттік және әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы әлеуметтік органдар қызметкерлерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салу көзделген.

EDFB46CC-08DF-4443-85EF-0EB639F415A0

Мемлекеттік қызметшілерге шектеу шараларын сақтау, көрсетілетін әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде айтылып, электронды қолтаңбаны қолдану тәртібі туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар интернет алаяқтарынан сақ болу керектігі ескертілді. Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша ұсыныс-пікірін жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.

Мұндай құқықтық оқулар алдағы уақытта да бекітілген жоспарға сәйкес жалғасады.

Назерке Мұсағалиева

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале