21.08.2024, 17:00
Оқылды: 212

Сырымда су тасқынынан зардап шеккендердің баспана мәселесі 100 пайыз шешілді

Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынған 100 жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл жөнінде БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

B83BBA86-0AFF-4833-81C4-9F223A4D1160

Тамыз айының басында 14 үйдің кілті табыс етілген болатын. Осылайша Сырым ауданында 114 үй салынды: Өлеңті ауылында – 40, Жымпитыда – 48, Бұлдырты ауылында – 25 және Көздіқара ауылында – 1 үй.

Айта кетейік, жаңа үйлер салынған Жымпиты ауылындағы шағынаудандардың бірі «Қазақстан халқына» деген атауға ие болды.

95C8F91B-120C-485D-A595-F7D6F2F1D1FE

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қоныс аударушыларды қуанышпен құттықтады.

– «Қазақстан халқына» қоры Президенттің тапсырмасымен құрылды және қиын-қыстау кезеңде отандастарымызға жақын болу маңызды миссиясын жүзеге асырады. Биыл еліміздің бірнеше өңірі алапат су тасқынынан зардап шексе, енді бүгін Сырым ауданында салынған жаңа үйлердің кілтін салтанатты түрде табыс етудеміз. «Қазақстан халқына» қорының қатысуымен еліміздің 5 өңірінің 20 елді мекенінде 627 тұрғын үй салынатынын атап өткім келеді. Бүгінгі күні 257 отбасы қоныстойын тойлап үлгерді. Біздің меценаттарымыздың және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, құрылысшылар мен «Қазақстан халқына» қорының бірлескен жұмысының арқасында Батыс Қазақстан облысында 114 жаңа үй салынды», - деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев.

4C946EC8-06E3-45A5-B17E-8F4FA12FCCBE

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құрылысшыларға жоғары жұмыс қарқыны үшін және төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға қолдау көрсеткені үшін «Қазақстан халқына» қорына алғысын білдіріп, жаңа тұрғын үйлердің салынуы су тасқынынан зардап шеккендердің мәселесін шешіп қана қоймай, Сырым ауданының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды барлық қажеттілікпен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты, біз табиғи апатқа ұшыраған БҚО тұрғындарының баспана мен тиісті ақшалай өтемақыларды уақытында алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұған меценаттар мен үкіметтік емес ұйымдар үлкен қолдау көрсетуде. Батысқазақстандықтарға арнап атсалысқаны үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына алғыс айтамын», - деді Нариман Төреғалиев.

B3093258-9F0F-46C5-B42B-CC0E01424063

Ауданы 80 шаршы метр типтік үйлердің құрылысы қор мен БҚО әкімдігі арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін басталды. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су басу қаупі жоқ аумақтарда жаңа үйлер салу үшін жер телімдерін анықтап, бөлді, сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етті.

Облыс әкімдігі жергілікті қоғам белсенділерімен бірлесіп жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырды.

Жалпы алғанда су тасқынының зардаптарын жою аясында «Қазақстан халқына» қоры Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында 627 отбасына ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға 16,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале