22.08.2024, 21:00
Оқылды: 177

Казталовта ашық алаң форматында кездесу өтті

Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде БҚО қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ақ Отау» отбасы орталығы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ауыл тұрғындарымен ашық алаң форматында кездесу өтті.

841B175F-0D87-4EDA-8E9C-AAA4EBBED9C0

Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде өзінің ой-пікірімен бөлісті.

Кездесуге «Ақ Отау» отбасы орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алтынай Есқалиева, ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын-ұстаз, жұбантанушы Үзілдің Елубайқызы, Директор ЧФ «Созвездие Назиба Жиганова» Светлана Владимирқызы, Батыс Қазақстан индустриалды колледж директорының орынбасары, кәсіби психолог, коуч тренер Гүлнара Қабулова, кәсіпкер, «Jarkynai design studio» жетекшісі, «Қолөнер әлемі» ұлттық қолөнер орталығының негізін қалаушы, қолөнер «URSHYK» қоғам бірлестігінің БҚО бойынша филиал директоры Жарқынай Әкімғалиева қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамда көп болып жатқан әйелдерге зәбір көрсетуді тоқтату, қыз балаларды зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстық әрекеттерден сақтандыру, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және өзге де көмек көрсету, отбасындағы жанжалды жағдайларын шешуге жәрдемдесу.

7A78CA1B-CFC4-4A75-BF2C-A7360E6D2E1D

«Отбасы – шағын мемлекет» деп қоғамда алатын орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөзде босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасы шағын мемлекет деп айтып кеткен. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі қоғамның күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселесі. Өкінішке орай тағдырдың күтпеген тосын сыйларына тап болып, шаңырақ шайқалып, бейкүнә періште сәбилердің көз жастарына қалып жатқандар да аз емес. Әрине, отбасында күнде айқай-шудан шаршаған балалар, күйеуінен таяқ жеген әйелдер түбінде ажырасуға мәжбүр болады.

«Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алтынай Ғалымқызы осы жобаны не үшін ұйымдастырғаны, оның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын-ұстаз, жұбантанушы Үзілдің Елубайқызы өмірде кездесіп жатқан жағдайларды айтып, ұлттың негізгі тірегі отбасы құндылықтарын түсіндіріп өтті. Осыдан он жыл бұрын бұқаралық ақпарат көздерінен зорлық-зомбылық тақырыбы құлағымызға түрпідей естілетін. Бүгінде көш бастап тұрған маңызды мәселелердің бірі.

EBA27253-D973-47F8-BE49-D846D43A977E

Қоғамда ең көп кездесетін өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, адамдардың бір-біріне қысым көрсетуі, жиі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырау  туралы Cветлана Тенешева болған оқиғаларды мысалға келтіріп, олардың алдын алуға болатынын айтты.

Іс-шара одан әрі Батыс Қазақстан индустриалды колледж директорының орынбасары, кәсіби психолог, коуч тренер Гүлнара Қабулова мен кәсіпкер, «Jarkynai design studio» жетекшісі, «Қолөнер әлемі» ұлттық қолөнер орталығының негізін қалаушы, қолөнер «URSHYK» қоғам бірлестігінің БҚО бойынша филиал директоры Жарқынай Рахметқызының «Өзгеріс өз қолыңда» атты психологиялық-мотивациялық кездесуімен жалғасын тапты.

Гүлнара Қалауованың «Қане, танысайық» (әр ұлт өкілдерінің амандасуы) психологиялық тренингі ауыл тұғындарына жақсы көңіл-күй сыйлады.

«Жақсы ата-ана – отбасы құндылығың тірегі» дәрісі, «Мен қандаймын» арт терапиясы, би терапиясынан ауыл тұрғындары ерекше әсер алып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Жарқынай Рахметқызы қазақтың қолөнерлеріне тоқтала отырып, қалай табыс көзіне айналдыруға болатынын айтып өтті.

Ең басты құндылығымыз – адам өмірі мен бостандығы. Отбасында қалыптасқан тәрбие, тәртіп, өскелең ұрпақ – ертеңгі қоғамның айнасы. Қоғамның олқы тұстарын өзгертуді өзімізден бастағанымыз жөн.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале