23.08.2024, 14:45
Оқылды: 134

Енді Елена Рыбакина жеке бапкері Стефано Вуковпен жұмыс істемейді

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина енді жеке бапкері Стефано Вуковпен жұмыс істемейді. Бұл жөнінде qazsporttv.kz мәлімдеді.

D7B3411E-E180-41AB-B311-F4E1EACC7D62

Сурет спортшының жеке парақшасынан алынды

«Бұл туралы қазақстандық теннисші әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Бес жылға созылған қарым-қатынастан кейін біз енді Стефаномен бірге жұмыс істемейміз. Мен оның жұмысына ризамын және оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын.

Айта кетейік, Елена Рыбакина АҚШ өтетін US Open турнирінің алғашқы айналымында іріктеу кезеңінің жеңімпазының бірі аустралиялық Дастени Айявамен (#180) кездеседі», деп жазды qazsporttv.kz.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале