23.08.2024, 15:45
Оқылды: 65

Студенттер тұратын хостелдердің иелеріне міндеттер жүктеледі

Қазақстанда кейбір студенттер жатақхана жетіспеушілігінен хостел жалдап тұруға мәжбүр. Биылдан бастап хостел иелеріне қосымша міндеттер жүктелмек. Толығырақ Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

E196A594-0145-4006-B322-B90183F0DE96

Сурет: pixabay.com

«Хостелдер мәселесіне келсек, университет, хостел иесі және студент арасында үшжақты келісімшарт жасалады. Алматыда хостел иелері жоғары оқу орындарымен жұмыс істеуге мүдделі емес, оған себеп талаптардың күшейтілуі. Елордада Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қаладағы 6 хостелге жайғаспақ. Хостелдердегі өрт қауіпсіздігіне жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті жауапты. Тағы бір жайт, енді хостелдерде тек қана студенттер тұратын болады, яғни бөгде адамдар тұрмайды. Сонымен қатар келісімшарт бойынша хостелдер иесіне міндеттер жүктеледі. Оның қатарына қауіпсіздік пен тазалық жатады», - деді А. Абылайхан.

Одан бөлек, министрлік өкілі жалпы студенттерді жатақханамен қамту мәселелеріне тоқталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале