Орал қаласында бәйгеден ел біріншілігінің 9-кезеңінің "Аламан бәйгесіне" 18 тұлпар қатысты. 24 шақырымға созылған додада да жарыс көрмекке келген ағайынның делебесін қоздырды.
Қорытындысында 1-орынды "Қазына" иеленді. Шабандозы – Айдаралы Бағжан. Ат иесі – Мадияр Құрманғали. Бапкері – Еркебұлан Әзімқали (БҚО, Ақжайық ауданы).
2-орын. "Берікқара", шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш. Ат иесі – Адай Мирболат Елжасұлы. Бапкері – Әділет Ноқатай (БҚО, Ақжайық ауданы);
3-орын – "Тастүлек", шабандозы – Серікбай Шынтас. Ат иесі – Нысанбек Тілектесов. Бапкері – Нысанбек Тілектесов (Ақтөбе облысы);
4-орын – "Қаңтар", шабандозы – Бекзат Алибек. Ат иесі – Қадырбек Токмурзин. Бапкері – Қадырбек Токмурзин (Қостанай облысы);
5-орын – "Айкүрең", шабандозы – Дінмухамед Рыскалиев. Ат иесі – Ералы Ибашев. Бапкері – Кемелхан Айдарбеков (Ақтөбе облысы).
Түгелбай Бисен,
"Орал өңірі"