26.08.2024, 15:15
Оқылды: 160

SCAT ұшағын найзағай соқты: 14 рейс кейінге шегеріледі

Компания қауіпсіздік талаптарына сай Boeing 737 ұшағына тексеріс жүргізілетінін хабарлады, деп жазды Ұлттық арна.

7BBDF844-9AB7-4101-A00D-D750ACB9336B

Сурет: scat.kz

Қатты соққан найзағайдан әуе көлігіне зақым келгендіктен, кестеден алынып тасталған.

Осыған байланысты авиакомпания осы аптада 14 рейстің уақытын өзгертуге мәжбүр.

Жолаушыларға рейс уақытын алдын ала нақтылау керектігі туралы хабарланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале