27.08.2024, 9:45
Оқылды: 63

Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияда білім алып келді

Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қолдауымен Жапонияда екі айлық курстан өтті. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6CB669BD-D09E-4874-9A87-D9EBB84164A3

Оқу курсында cуды тазартудың озық технологиялары, су тазарту қондырғыларының құрылысын жоспарлау және басқару, су тарату құбырлар желісін компьютерлік бақылау және су сұранысын болжау тақырыптары бойынша дәріс оқылды.

C7DA60E4-2EF3-4600-A4D8-5A61A010872C

Сондай-ақ, Саппоро, Сендай, Кобе және Токио қалаларындағы су тазалау станцияларына, болат және пластмасса құбырлар шығаратын зауыттарға іссапар ұйымдастырылды.

28D54F96-C1C0-4920-87D9-0CF854E76887

«Курс бағдарламасы өте ауқымды болды. Дәрістерден бөлек, су тарату құбырларын жалғау және жөндеу, судың сынамасын алу және тағы да басқа тақырыптарда практикалық жаттығулар орындадық. Алдағы уақытта, Жапония елінен жинаған тәжірибемді тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлерімен бөлісуді жоспарлап отырмын», - деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Су пайдалануды басқару және реттеу бөлімінің бас маманы Фариза Маденова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале