27.08.2024, 12:15
Оқылды: 185

Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

28 тамызда Оралдағы А.Н.Островский атындағы орыс драма театры және «Атриум» сауда орталығы арасындағы алаңда «Talpyn» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке ЖП

Сурет сайт архивінен

Онда 50-ден аса жұмыс беруші 700-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынбақ. Оның ішінде өңірдегі КПО, «Зенит» АҚ, UNISERV, ЗКМК, «Зета» ЖШС, «Конденсат» АЗС ЖШС, «Дина» маркеті т.б. және мемлекеттік мекемелер бар.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмелері ұйымдастырылады.

Кәсіптік білім беру, IT салалары және қолөнершілердің көрмелері өткізіледі.

Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті, Әділет департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, кәсіпкерлік палатасы, «Отбасы банк» өкілдері кеңес береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале